Мұғалімдер мен оқушыларға, студенттерге
Тест материалдарын дайындау туралы
Сайтта ұсынылатын барлық программаларда тест
материалдары келесі тәртіп бойынша қалыптастырылады.
#$S$# - бұл тег пән атын көрсетеді. әдетте ұзындығын 11 (он бір)
таңбамен шектеу қажет.
#$N$#- бұл тег тақырып атауын көрсетеді. Бұлда әдетте 11 (он бір)
таңбамен шектеулуі қажет.
#$Q$#- сұрақты танытады. Бұдан соң келесі тегке
дейінгі жазулар сұрақ мазмұнын құрастырады.
#$R$#- әр жауап баламасы осы тегпен басталады. Келесі
тегке дейн балама мазмұны орналасады.
#$R$#Y#- бұл тег дұрыс жауапты белгілейді. Алдыңғы тегтің
ерекше түрі. Кезкелген кезекте болуы мүмкін.
Тест сұрақтары мен жауаптары бастапқы кезде не мәтіндік
файылда, не RTF форматындағы файлда қамтылады. қазақ әріптері деректерді
ұйымдастыруға түрлі талаптар қояды. Орысша тесттерге келгенде, аса
сезілетін қыйындықтар кездеспейді. Ал, керісінше қазақ тестері
қалыптастыру мен пайдалану кезінде мұқият болғанды талап етеді.
Программалар барынша мүмкіншіліктерді ескеруге тырысқан. Бір тақырып
тесттері бір файылда қамтылуы керек. Сұрақтар мен жауаптар баламалары
арнайы тегтермен айырылуы міндет. Басқа ойдан шығарған тегтер жүрмейді.
Қарапайым тестерлер тек мәтінді қабылдайды. қазақ
драйвері (локаль - rk1048.nls ) орнатылған компьютер мен драйвер орнатылмаған
компьютерлерде
нәтиже текстік файлдың жазу (сақтау) форматының ықпалына қарай нәтиже
береді. Аталған локальді Excel программасы үшін орнатқан жөн, ал негізгі көпшілік
жағдайларда оны болмағаны орынды!
Формула мен суреттер қамтылатын тест матералдарын RTF немесе .doc форматтарында сақтау
міндет және күрделі тестерді пайдалану қажет. Соңғы программалар,
аталған форматтарда арнайы кестеге жазған сұрақтарды қабылдай алады. Ол кестені
мысалдар архивынен алуға болады немесе кейбір
( T_2021.exe, Matematika )
программалар арқылы жасап
аласыз.
Ескерту: Мына жерде үш тестер жатыр.
Программаларды
меңгерудің ең оңай және нәтижелі жолы оларды мұрын шүйрмей, жалықпай қолданып
машықтану.Программалардың соңғы түрлері материалды қосымша форматтардан қабыл алады.
RTF файлдың жаңа тегтерімен белгіленген баламасын.
Және кесте түрінде қалыптасқан Word-тың DOC файлы форматында.
Пікір:
қазақ әріптерінің кедергілері
қандай графикаға ауыссақта, көбеймесе кемімейді, үкімет басындағылардың
ықыласы мен ынтасы болмай. Кедергілердің басын сезіну үшін С. М. Киккарин мырзаның сайтын ашып танысыңыз.
|
ШӘКӘРІМ
|
Ақыл жоқ бұл қазақта ойға ұнарлық,
Өзін-өзі тексеріп, бой сынарлық.
Білім іздеп білуге кесел болар,
Көрсеқызар, көзі ашық бос құмарлық
|