Математика: A2A тобыңың оқулықтары
     Қазіргі кезеңде мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, іс салаларында квалификациялық емтихандар өткізерде түрлі тесттер қолданылатын болды. Мұндайда қолдануға ыңғайлы да, жеңіл де, түсінікті де құрал болғаны жөн. Біз Сізге осы сайт арқылы қазақша материалдарды қалыптастырып, тесті жүргізуге көмек болар программалады тегін ұсынамыз.
     Сайт оқу үрдісіне арналған соң, біз Сізге Ықтималдықтар теориясы пәнін өтуде қолқабыс болсын деп профессор А. Қазешев мырзаның оқулығын ұсынып отырмыз. Бұл оқулық орындалатын программа түрінде қалыптасқан. Программа туралы керекті ақпаратты осы бетте көрсетілген сілтемелер арқылы ала аласыз.
Мына сілтемені соқсаңыз оқулықтың жеңілдетілген баламасын көре аласыз. Программадан сескенетін азаматтарға .pdf форматындағы баламасын да алдарыңызға тартамыз. Мақсатымыз - осы білім көзінің мазмұнын оқырманға жеткізіп сауатын жетілдіруге жан-жақты көмек беру. Талабыңызға сәттілік!!
     Сайт оқу үрдісіне арналған соң, біз Сізге тағы да бір оқулық ұсынып отырмыз. Оқулық негізгі деп ұғылатын жоғары оқу орынының пәніне арналған. Ол - математика. Шағын түрде жазылған оқулық алдыңызда. .pdf форматында сақталған соң, Сізге кең тараған құрал арқылы ашып мазмұнына көз жеткізу оңайға түседі деген ойдамыз.
     Сонымен қатар, мына "Математикалық талдау" атты оқулық-программаны Сізге үсынуға тура келіп тұр. Байқап көріңіз. Алдыңызға тартылған оқулық ҚР стандарты бойынша жасалған. Оны дамытып, ұлғайтып жетілдіруге әбден болады. Пікір қосқандарға ерекше риза болар едік.
Ескерту: компьтерде PDF көргіш орнатылған болуы керек.
     Егер де, Сіз асығыс байқап шығайын десеңіз, мына сілтемеден Flash-технологиядағы кітапшасын аласыз. Көріңіз, оқыңыз, білім алыңыз!







Кітаптың қысқаша сипаттамасы.

Кіріспе

Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика пәнінде абстракциялы-логикалық пайымдаулардың басымдығы осы пәнді оқығанда, әсіресе бастапқы кезде, әдістемелік тұрғыдан едәуір қиындықтар туғызатыны белгілі. Сондықтан пәнді оқып меңгеруді жеңілдету мақсатында осы оқу құралын ұсынып отырмыз. Жалпы математикада теориялық материалды меңгеруде есеп шығарудың рөлі өте жоғары. Осыған орай кітапта типтік есептерді шығарып көрсетуге көп көңіл бөлінген. Оқу құралы инженерлі-экономикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген студенттерге арналған.

Бірінші тарау қамтиды.

Кездейсоқ оқиғалар. Тарауда қарастырылған тақырыптар: Кездейсоқ оқиғалардың түрлері. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары. Тәуелсіз сынақтар тізбегі. Жаттығулар.

Екінші тарауда.

Кездейсоқ шамалар. Тарауда қарастырылған тақырыптар: Кездейсоқ шамалардың түрлері. Кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдары. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалар жүйелері. Кездейсоқ шамалардың функциясы. үлкен сандар заңы. Жаттығулар.

Үшінші тарау қарастырады

Математикалық статистика элементтері. Тарауда қарастырылған тақырыптар: Негізгі ұғымдар. Таңдаманың сипаттамалары. үлестірім параметрлерін бағалау. Нүктелік баға. Интервалдық баға. Статистикалық болжамдарды тексеру. Пирсон критериі. Жаттығулар.

Қорытынды

Қадірлі оқушы, міне Сіз "Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика" пәнінің қысқаша мазмұнымен таныстыңыз. Осыған орай кітап мазмұнын жетілдіру мақсатында ұсынысыңызды бізге жіберуіңізге болады. өзіңіз байқағаныңыздай,біздің мақсатымыз қазақ тілінде терең, сапалы білім алғысы келетін оқушыларға мүмкіндігіміз келгенше Әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету. Қадірлі оқушы, енді осы пән бойынша алған біліміңізді тексеру мүмкіндігіңіздің бар екенін еске саламыз. Ол үшін Сіз "тесттер" деген парақшаға кіріп көріңіз.