1- VBA, VBA-да программалау, Excel, программирование, математика, программалау

Программалаушылар фолклорынан...

"То, что понимают плохо, часто пытаются объяснить тем, чего не понимают вообще."

Қазақшалағанда:(Әсіресе қазақтың терминкомы мен Бекболат сияқты надандарға тән қасиет)
"Көп жағдайда, іле-шала түсінгенді, мүлде түсінбейтін арқылы ұғындырғысы келеді."

Гюстав Флобер

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.


Абайдың бір қара сөзін көрем десеңіз осы батырманы басыңыз.

Қазақ тіліне Макрос.

Деректердің типтері мен операциялары

Әртүрлі типтегі деректермен түрлі қолқозғалыстарды жасау - кезкелген программаның орындауға мәжбүр болатын элементарлық міндеті. VBA-ға келсек, Basic-ке қарағанда, жұмыс кітабінің парағы (беті), немесе Access-тің деректер базасының жазуы қамтитын сандық, жолдық мәндер, деректердің ролін атқарады. Олар мен қатар, тағы басқа да дерек болар заттар көп. Әр дерекке келсек, ол жадыда белгілі бір адрес бойынша орын алады. Бірақ, программалаушыға оның адресін біліп-қызығу міндет емес, себебі программаның кодында программалаушы деректерге олардың аттары арқылы жүгінеді. VBA-программа неменемен істі болса-айнымалылермен, тұрақтылармен, процедуралармен, әлде функциялармен, типтермен, керек болса, объекттермен- баршасының атаулары бар.

Атауларға (аттар, есімдер) қатынасты ережелер
  • Міндетті тәртіптер:
    1. Атаудың бірінші қарыпы әріп болу керек
    2. Атауда бос орын және .,!@&$# арнайы қарыптер болмау тиіс
    3. Атау ретінде VBA тілімен резервтелген (кілттік) сөздерді пайдалануға болмайды
    4. Атаудағы бас әріптермен кіші әріптер бөлек делінбейді
  • Міндетті емес ережелер:
    1. Аттар өзін өзі танытуы керек. Ол көрінгеннен, астары бетіне шығып, арғы мағнасы сезілгені жөн
    2. Аттарға префикс қосқан орынды. Әсіресе объекттердің типі мен орынын білдіретін префикс қосу дұрыс.
    3. Атауларды жариялау қажет.
      Бұл әрекет біріншіден ойды тіртіпке келтірсе, екіншіден қатеден сақтайды. Модулдің жалпы бөліміне, яғни процедуралар мен функциялардан тыс ауданда, орналасқан Option Explicit операторының көмегімен алдын ала жариялауды міндетті қылуға болады.
    4. Атауды жариялағанда оның типын көрсету керек.
      Деректің типын ашық көрсету қателер шеңберін кішірейте тұра, жадыны онтайлы үнемдеп деректерге жету амалын жеделдетеді.
    5. Типты танытудыңқысқа түрін ($ $ # таңбалары арқылы) қолданбаған жөн. Бұл әдеттің қатеге жиі ұшырататыны. Ол ескі ортамен сәйкестік болсын деп қалдырылған мүмкіншілік.
  • Тұрақтылар
    Тұрақты (Const) деп программаны жасау кезінде мәндері анықталып, одан ары программа істеп жатқанда ол мәндер өзгермейтін, деректеді атайды. Тұрақтылар сандықта, жолдықта болуы мүмкін. Атаулы тұрақтылар тартымды келеді, құр мәнімен танылатын тұрақтыға қарағанда. Атаулы тұрақтыға орынды бір рет қана бөліп көп мүмкіндік туады.
    Жариялау синтаксисы:
    [Public/Private] Const Атау [As Типы] = Өрнек
    Мысалдар:
    Public Const Bir As Single = 0.25
    Public Const Eki As Single =Bir*2
    Private Const Ush As Single = 100

    Айнымалылар
    Айнымалылар тұрақтыларға керісінше өз мәнін программа жүрісінде ауыстыра береді. Оларға да жүгіну атаулары арқылы өтеді. Айнымалылар қарапайым типтерге де, пайдаланушының қарапайым типтердің комбинациясы қылып анықтаған типтеріне де жата алады. Айнымалы массив деп те жариялануы мүмкін.
    Синтаксис: Dim Аты [As Типы]
    Dim Аты[Индекстері] [As Типы]
    Мысал: Dim Reti As Long
    Dim MyMas[7] As String
    Егер айнымалының типы анықталмаса Variant типы істе жүреді, бірақ бұл типке жүгіну жады мен уақытты көп шығынға түсіреді.

    Көріну ауданы
    Тұрақтылар мен айнымалылардың мінездемесіне тағы олардың көріну ауданы қосылады. Деректерді басқаруға келгенде бұл сипаттың маңызы өте зор. Егер көріну ауданынан тыс жерден оларға жүгінеміз десек, қате орын алады. Яғни көрінбейтін дерекке жете алмайчыз. Көріну ауданды екі жәйт анықтайды: қай жерде тұрақты немесе айнымалы жарияланған, қандай кілттік сөзбен ол байланысқан. Мысалы, кітап модулді қамтиды, ал модул өз кезегінде процедураларды қамтиды. Соған қарай ішкі (төменгі) деігейдегі жарияланған дерек сырттан көрінбейді. Арнайы оператор арқылы деректі сырқа көрсетуге болады. Public - оператор деректі барлық модулдерге көрсетеді, басқа жобаларға да жетуге мүмкіндік береді. Соңғы амалға шекті Option Private Module операторы қоя алады.
    Private - бұл оператор деректі модул ішінде көрсетеді, сыртқа барын білдірмейді. Бұл оператор үндемеу принципы бойынша өзі қосылып тұрады.
    Dim - алдыңғы оператордың орынбасары.
    Static - операторы айнымалының мәнін процедураға келесі енгенде сақтап орнына келтіреді, яғни процедурадан шыққанда жоймайды Dim сияқты.

    Деректердің қарапайым типтері

    Индукция имеет результатом приспособление нашего ума к фактам...
    Приспособление ума может в большей степени совпадать с приспособлением языка...
    Прогресс науки отмечается прогрессом терминологии.

    Д.Пойя




    Интернеті жоқ ауылдардың мұғалімдеріне мына тестер қолайлы келеді