Деректердің типтері мен операциялары
Әртүрлі типтегі деректермен түрлі қолқозғалыстарды жасау - кезкелген программаның орындауға мәжбүр болатын элементарлық міндеті.
VBA-ға келсек, Basic-ке қарағанда, жұмыс кітабінің парағы (беті), немесе Access-тің деректер базасының жазуы қамтитын сандық,
жолдық мәндер, деректердің ролін атқарады. Олар мен қатар, тағы басқа да дерек болар заттар көп. Әр дерекке келсек, ол жадыда белгілі бір адрес бойынша
орын алады. Бірақ, программалаушыға оның адресін біліп-қызығу міндет емес, себебі программаның кодында программалаушы деректерге олардың аттары арқылы жүгінеді.
VBA-программа неменемен істі болса-айнымалылермен, тұрақтылармен, процедуралармен, әлде функциялармен, типтермен, керек болса, объекттермен- баршасының атаулары бар.
|
Атауларға (аттар, есімдер) қатынасты ережелер
Міндетті тәртіптер:
- Атаудың бірінші қарыпы әріп болу керек
- Атауда бос орын және .,!@&$# арнайы қарыптер болмау тиіс
- Атау ретінде VBA тілімен резервтелген (кілттік) сөздерді пайдалануға болмайды
- Атаудағы бас әріптермен кіші әріптер бөлек делінбейді
Міндетті емес ережелер:
- Аттар өзін өзі танытуы керек. Ол көрінгеннен, астары бетіне шығып, арғы мағнасы сезілгені жөн
- Аттарға префикс қосқан орынды. Әсіресе объекттердің типі мен орынын білдіретін префикс қосу дұрыс.
- Атауларды жариялау қажет.
Бұл әрекет біріншіден ойды тіртіпке келтірсе, екіншіден қатеден сақтайды. Модулдің жалпы бөліміне, яғни процедуралар мен функциялардан тыс
ауданда, орналасқан Option Explicit операторының көмегімен алдын ала жариялауды міндетті қылуға болады.
- Атауды жариялағанда оның типын көрсету керек.
Деректің типын ашық көрсету қателер шеңберін кішірейте тұра, жадыны онтайлы үнемдеп деректерге жету амалын жеделдетеді.
- Типты танытудыңқысқа түрін ($ $ # таңбалары арқылы) қолданбаған жөн. Бұл әдеттің қатеге жиі ұшырататыны. Ол ескі ортамен сәйкестік болсын деп қалдырылған мүмкіншілік.
|