Программалаушылар фолклорынан...

"Переводы как женщины: если верны, то некрасивы, а если красивы, то неверны."

Қазақшалағанда:
"Аудармалар (тәржімелер) қыздар сияқты: сенімді болса әдемі емес, әдемі шықса - сенімсіз."

(Моисей Сафир) ..

Ілияс Жансүгіровтың оқуға арнаған бір өлені.

Қазақ тіліне Макрос.


Деректердің типтері мен операциялары




VBA операцияларының қысқаша мінездемелері мен операторладың синтаксистерін төменде көрсетеміз.

Арифметикалық операциялар
Арифметикалық операцияларға сандық мәндер ұшырайды, нәтиже болып қайтадан сандық мәндер орын алады. Басқа типті мәндер арифметикалық операцияларға көнбейді- қате орын алады. Операндтар ретінде мәндермен қатар, айнымалылар, тұрақтылар және өрнектердің жүруі мүмкін. Арифметикалық операторлар келесі: + - / * \ ^ Mod.
Бірорынды операция болып дәрежелеу амалы саналады. Шын мағнасында бұл операция емес, бірақ BASIC тарапынан мұнымен қатар кейбір күрделі амалдар операция деп есептеледі, Санның таңбасын өзгертетін амал да (теріс санды оң қылу, оң санды теріске келтіру) бірорындық деп саналады. Операциялар арасында приоритет (басымдық ) болады. Бірорындық операцияларын басымдығы ең жоғары, олардан соң екіорынды мынау операциялар - *,/, \, Mod, соңында +, - операциялары.
Операциялардың орындалу кезегін анық көрсету үшін, кодта дөңгелек жақшаларды пайдалану керек.

Логикалық операциялар
Логикалық операцияларға тек логикалық мәндер көнеді. Ондай мәндер кейде бул мәндері деп аталады (ағылшын ғалымы Джордж Буль атынан). VBA логикалық операцияларды сандарменде өткізе алады, бірақ бұл шын мағнасында биттік амалдар. Логикалық операторларының тізімі келесі: Not-логикалық терістеу, And- логикалық "ЖӘНЕ", Or-логикалық "НЕМЕСЕ", Xor- шығарушы (қарсыластық) "НЕМЕСЕ", Imp- Импликация, Eqv-эквиваленттік. Логикалық мәндер: True мен False.
  • Not-Бірорынды операция-терістеу. Мәнді қарама-қарсы өзгертеді. Шынды жалған, жалғанды шын қылады.
  • And-Бұл екіорынды операцияның нәтижесінде шындық шығады, егер екі операндтың мәндері бірдей шын болса.
  • Or- Екіорынды операция. Нәтижесінің шын болуына екі операндтың біреуінің шын болғаны жеткілікті.
  • Xor- Екіорынды операция. Екі операндтың мәндері бірдей болса нәтижесі жалған болады, ал екітүрлі болса нәтижесін шын деп қайырады.
  • Imp- Екіорынды операция. Бұнда нәтиже операндтардың кезегімен байланысты. Егер бірінші операндтың мәні True болса, нәтижеге екінші операндтыі мәні шығады. Егер бірінші операндтың мәні False болса - нәтиже тең болады True мәніне.
  • Eqv- Екіорынды операция. Екі операндтың мәндері бірдей болса нәтижесі шын болады, ал екітүрлі болса нәтижесін жалған деп қайырады. Яғни Xor-ға қарсы мән тудырады.

Салыстыру операциялары
Бұл операциялар түрлі типті деректерді салыстыруға арналған. Айнымалылар, тұрақтылар, өрнектер операндтары бола алады.
<, >, =, Is, Like деген операторлар бар. Алдыңғылары ісітері түсінікті. Is объектілерге қатынасты жұмыс жасайды - объекттердің сәйкестігін, немесе типке кіретінін тексереді. Like сандарды немесе жолдарды мәндері емес, байттық салыстыру арқылы тексереді.

Біріктіру операциялар
Біріктіру операцияларына тек жолдар көнеді. Операторлары: & немесе +. Екеуінің мағнасы бір - жолдарды біріне бірін жалғастыру, жапсыру, ілу.

VBA-ның басқарушы структуралары