VBA Excel-де қазақ әліпесіндегі тізімдерді реттеу,сортировка списков казахского алфавита

Программалаушылар фолклорынан...

"На пустом диске можно искать вечно."

Қазақшалағанда:
"Бос қауашақта мәнгі іздеуге болады."

Закон Мерфи.

Мына суретті қарап ал!
Бір көргеннен түсінесіз, жөні қайда екенін.

Макростар туралы ақпарат

    Excel, Word-тағы, және де көптеген басқа программаларда қазақ әріптерімен терілген мәтіндерді реттеп байқағанда, көргеніміз, кейбір әріптер әліппедегі өз орындарына түспейді. Оның себептері белгілі: біріншісі - үкімет басындағылардың қазақ тіліне немғұрайлы көзқарасында, екіншісі - көп жағдайда Windows пен MS Office програмаларын дұрыс қазақша орнатпауында. Драйверлерді орынды қоспауында. Әзірше бұл үлкен мәселе шешілгенше, қарапайым пайдаланушылар әртүрлі амалдарды қолға алып, маңдай терін төгіп, жүйкелерін мүжіп ізденіп жүргені. Қазіргі күнде, кеңселік программаларға әйтеуір "протез" қойып жағдайды жеңілдеткен. Шүкір. Енді ЖИ дегенді менгереміз. Бізде, күшімізге қарай үлес қосуға тырыстық: шамамыз, қарасақ, кішік көмекші құралдарды ұсынуға жетіп тұр екен. Олар:
  1)Excel-ге арналған қоспа (Add-Ins, надстройка, қондырғылар) Ataular.xlam. Шала корғаныста.
  2)Word-қа арналған қоспа (Add-Ins, надстройка, қондырғылар) A2ASortW.dotm. Шала корғаныста.
 Бұл екі шаблонда, бір жағынан, көмекші құрал, екінші жағынан VBA macros-тарын көрсету, қабілеттерімен таныстыруға арналған. Жетілген, кеңселік программаларды терең ұққан, шамалы ынтасы бар жастар VBA-ны игеріп кетеді (макрос құрастыра алады)
 Ал, .xlam қоспа (надстройка,қондырғылар, Add-Ins) файлын сақтауға ең дұрыс болып табылатын жер, ол стандартты сіздің Windows профилеңіздің AddIns папкасы, немесе сенімді торлық папка (көп пайдаланушылар болса).
 Сонымен, әр компьютер пайдаланушысының өзінің жеке оқшауланған автоматты түрде мазмұны қосылатын папкасы бар. Оған жетер жол: C:
\Users(Пайдаланушылар, пользователи)\ПАЙДАЛАНУШЫ_АТЫ\AppData\Roaming\Microsoft\Excel\XlStart\
 Макростар Word-та тұрақты және тиянақты жұмыс істеуі үшін, әр кезкелген құжаттан міндетті түрде жету үшін .dotm файлын арнайы системалық аутожүктеуші (Startup) папкасына орналастырған жөн. Бұл папкадағы барлық файлдар аутоматты түрде жүктеліп іске қосылады. Оған апарар сілтеме (жол) келесі: C:
\Users(Пайдаланушылар,пользователи)\ПАЙДАЛАНУШЫ_АТЫ\AppData\Roaming\Microsoft\Word\STARTUP\

Қондырғылар туралы қысқаша мәлімет

 Ұсынып отырған A2ASortW.dotm шаблон-пішім құжаттардағы кестелерді-жазбаларды реттеуге арналған. Лентада қондырғының мәзірі арқылы жұмысты жүргізесіз. Алдын ала мысалдап берген құжаттарды ащыңыз. Солармен машықтанып реттеу, іріктеу амалдарын үйреніңіз. Қарапайым амалдар болсада, жұмыста өте жиі кездесетін, маңызды, қомақты уақыт алатын амалдар. Excel-дегі Ataular.xlam қоспасы да жұмыста өз орынын табады деп сенеміз. Тек, машықтанып, мән-мағынасын ұғу керек.
  Мысал файлдардың атаулары: AlimSort_Demo.docm және KzMacros.xlsm. Сайттан жеке-жеке алуға болады, немесе архивтен барлығын.
Ескерту: қондырғылар кез келген құжатқа (файлға) қосылады!

 Наши предложения могут пригодиться и русскоязычным работникам и ученикам.

...Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? ...

Сұлтанмахмұт Торайғыров




Интернеті жоқ ауылдардың мұғалімдеріне мына тестер қолайлы келеді